А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның 2018 жылғы жұмыс нәтижелері


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы 5 жыл ішінде АӨК еңбек өнімділігін кемінде 2,5 есе арттыру керек деген тапсырмасы орындалды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауы нәтижесінде «Орталық базасында нақты егіншіліктің эксперименталды-технологиялық платформасын құру» жобасын іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын (егіс кешендері, комбайндар және т.б.) сатып алуға 1046,8 млн. теңгеге жарғылық капитал ұлғайтылды.


Осыған байланысты 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 5 ғылыми жоба дайындалды, жалпы қаржыландыру сомасы 774,0 млн.теңгені құрайтын үш жоба мақұлданды, ал 2017 жылы ғылыми жобаларды қаржыландыру тек 250,0 млн теңгені құраған.


«А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС базасында (Бұдан әрі-Орталық) «нақты егіншілік» элементтерін пайдалана отырып, пилоттық жоба әзірленді және Ақмола облысында 3000 га алаңда нақты егіншілік полигоны құрылды. Онда минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын саралап енгізудің технологиялық жаңалығы қарастырылған, оның арқасында қаржы көлемі 20-дан 40 пайызға дейін үнемделеді.


Қазіргі уақытта 131 бюджеттік бағдарлама шеңберінде Орталықтың 13 өндірістік объектісіне (гараж, қойма ғимараты және т. б.) 296,0 млн. теңге сомасындаағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Жарғыға сәйкес Орталық ғылыми қызметтен басқа ауыл шаруашылығы дақылдарының бірегей тұқымдарын өндірумен де айналысады. 2017 жылмен салыстырғанда жаздық бидайдың өнімділігі 2,5 есеге артты және ағымдағы жылы шамамен 25,5 ц/га құрайды.


(салыстырмалы кесте)


Дақылдардың атауы2017 ж.2018 ж.
Ауытқу
(+, -)
Өнімділік, ц/гаӨнімділік, ц/га
Жаздық бидай9,725,7
+ 16
немесе 2,5 есе
Майлы48+ 4
Көпжылдық шөптер0,61,2+ 0,6
Аудан бойынша бидайдың орташа өнімділігі10,213,5+ 3,3



скачать dle 12.0
1 475 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх