KAZ | RUS | ENG

АШҒӨО мен ҚазҚӨжТӨҒЗИ-дің Астанадағы филиалы ғылыми әріптестік орнатты

А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығы мен Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының Астанадағы филиалы әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Іс-шара барасында АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев пен ҚазҚӨжТӨҒЗИ директоры Нұржан Мүслімов ғылыми мекемелердің алдағы жоспарларымен бөлісті.

Екі тарап ғылыми-техникалық, ақпараттық-сараптамалық және астық шаруашылығындағы нормативтік-әдістемелік салаларда әріптестік орнатып, тығыз жұмыс істеуге келісті.

Ғылыми орталықтар бар күші мен мүмкіндіктерін ортаға сала отырып, тәжірибе алмасады, ғылыми жаңалықтарымен бөліседі. Меморандумда көрсетілгендей орталықтар ғылыми жұмыстарға екі жақтан мамандар даярлайды, ғылыми инновацияларды практикаға енгізумен және астықты қайта өңдеу саласына инвестиция тартумен айналысады. Ғылыми мекемелер арасындағы бұл ынтымақтастық жан-жақты тиімді болатыны анық.

ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/498
скачать dle 12.0
52 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх