FAO- ның оқыту семинары өтті


Жаңалықтар
Бүгін А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары оқыту семинарына қатысты.
Бүгін 7 тамызда А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары, Адаптивті және агроландшафтты технологиялар тобының меңгерушісі Қанат Ақшалов пен Ауыспалы егістер тобының меңгерушісі Алдаберген Қияс Нұр-Сұлтан қаласында өткен Жер ресурстарын тұрақты басқару, құжаттандыру және WOCAT деректер базасы саласындағы технологиялар мен тәсілдерге арналған оқыту семинарына қатысты.
Оқыту семинары БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) және Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) "Орталық Азия мен Түркияның құрғақшылыққа ұшыраған және сортаң ауыл шаруашылығы өндірістік ландшафттарында табиғи ресурстарды кешенді басқару" өңірлік жобасы аясында өтті.
Іс-шараны ФАО-ның Қазақстан Республикасындағы Байланыс және серіктестік бюросының басшысы Қайрат Нажмиденов құттықтау сөзімен ашты.
скачать dle 12.0
943 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх