Қарағанды ​​облысының егістік алқаптарында орталық ғалымдары...


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.И. Бараева атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының көпжылдық шөп шаруашылығы бөлімінің ғылыми қызметкерлері Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Ақмешіт ауылындағы «Альдеран 2» ЖШС-де келісімге сәйкес, Шортанды селекциясының көпжылдық дәнді дақылдар мен шөп тұқымдастарды өсіру бойынша консультациялық қызметтер көрсетіп, алқаптарда жұмыс атқаруда. Сонымен қоса біздің ғалымдар шаруашылықтың агроэкологиялық жағдайына да талдау жасауда.


Орталық ғалымдары, жоғарыда аталған сорттың тұқымын (ПР1 және ПР-2) егу үшін сепкіштерді таңдау бойынша ұсыныстар берді және себу жылдамдығы мен тереңдігіне, тұқым себу үшін қатарлар мен аралығының өлшемімен сепкіш орнатты. Келісімшартты жүзеге асыру барысында егіс алдындағы топырақ өңдеу және тұқымын себу жұмыстары жүргізілді.

скачать dle 12.0
332 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх