Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес / Жаңалықтар
Шортанды ауданының ішкі саясат бөлімінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Дені сау қоғам-2050» ҚБ өкілдері «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға бағытталған іс-шара өткізді. Іс-шара шеңберінде спикерлер республиканың сыбайлас жемқорлық заңнамасының негізгі ережелерін баяндады, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегі заңдылық, азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы сияқты негізгі принциптерін ашты.
Сондай-ақ қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер» жобасы бойынша түсініктемелер берілді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласында белсенді қатысқысы келетіндердің барлығына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет волонтерлерінің қатарына қосылу және толтыру үшін сауалнамалар таратылды.