Тараз қаласында агрохимиялық форум өтті
Жаңалықтар
26-28 ақпан күндері Тараз қаласында агроөнеркәсіптік сектордың көшбасшылары саналатын "Қазфосфат" және "ҚазАзот" компанияларының бастамасымен жыл сайынғы дәстүрлі агрохимиялық форум өтті.
Аталған форум жұмысына А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның селекциялық-жылыжай кешенінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Сейдахметов Шаяхмет Сейдахметұлы қатысты. Оның пікірінше, іс-шараның қазіргі форматы тек салалық министрліктер мен қауымдастықтардың өкілдері, өндірушілер, сауда және сервистік компаниялар, ғылыми-зерттеу мекемелері мен басқа да кәсіпорындардың қызметкерлеріне ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қызықты болды.
Іс-шара қатысушылары жаңа жобаларды іске асыруды, жұмыс істеп тұрған технологияларды жаңғыртуды, салада бар кемшіліктерді, нарықты сапалы агроөнеркәсіптік өніммен қамтамасыз ету ұсыныстарды талқылады және түрлі диалог алаңдарында жаңа шешімдерді іздестірді.
962 -рет қаралды