Көктемгі себу науқаны: климаттық өзгерістер жағдайында агротехнологиялық зерттеулер
Жаңалықтар

А.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 30 сәуірі мен 10 маусымы аралығында BR22885719 «Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтары үшін өзгермелі климат жағдайында ауыл шаруашылығы өнімін тиімді өндіруге арналған тұрақты егіншілік жүйелерін әзірлеу және енгізу» бағдарламасы аясында тәжірибелік учаскелерде ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Зерттеулердің басты мақсаты – климаттық өзгерістердің ауыл шаруашылығы дақылдарының себу мерзімдеріне, себу мөлшерлеріне және себу тәсілдеріне әсерін бағалау. Осыған байланысты әр бес күн сайын сүдігер өңделген, аңыздық және механикалық жолмен өңделген танаптарда тәжірибелер жүргізіліп, тиісті агротехникалық шаралар атқарылуда.
Себу барысында заманауи ауыл шаруашылығы техникалары мен құралдары, атап айтқанда механикалық және пневматикалық сепкіштер қолданылып, олардың жұмыс сапасы мен дәлдігі зерттеу талаптарына сәйкес тексерілуде.
Ғылыми-зерттеу тобы топырақтың ылғалдылығы, температуралық режимі мен ауа райының өзгермелі факторларын ескере отырып, егіс барысын мұқият бақылауда. Жиналған мәліметтер болашақта өңірлік егіншілік жүйелерін оңтайландыруға және ауыл шаруашылығы өнімінің тұрақтылығын арттыруға негіз болмақ.

389 -рет қаралды