Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтті


Жаңалықтар


Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ел өңірлерінен білікті мамандардың қатысуымен аграрлық сектор мәселелеріне арналған екінші форум өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Ауыл шаруашылығы – стратегиялық маңызы бар экономиканың маңызды саласы. Сондықтан бүгінгі іс-шараны жалпыұлттық ауқымдағы оқиға деп атауға болады. Сөз сөйлеген қатысушылар мұқият зерделеніп, әрі қарайғы жұмыста міндетті түрде ескерілуі тиіс терең және салмақты ұсыныстарды айтты. Ауыл шаруашылығы әрқашан мемлекеттің назарында. Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін. Халық арасында: "Егін ексе – ел тоқ" деп бекер айтылмаған. Өткен жылы біз жақсы өнім жинадық және соңғы онжылдықта рекордтық көрсеткіштерге жеттік"- деп атап өтті.
Ұлттық даму жоспарын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығын дамытудың жеті өзекті бағыты жыл сайынғы маңызды іс-шарада айқындалды. Онда сапалы жұмыс пен нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсаттар мен міндеттер белгіленді.



скачать dle 12.0
3 180 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх