Құрметті әріптестер және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері!
Жаңалықтар

Сіздерді «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бағдарламасы аясында өтетін вебинарға қатысуға шақырамыз!
✅ Семинар тақырыбы: «Дәнді, дәнді-бұршақ және майлы дақылдар егістіктерінің фитосанитариялық мониторингі, аурулар мен зиянкестерден қорғау жүйесі»
🕥 Семинардың өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 10 шілде, сағат 10:00-де.
👨🎓 Дәріскер/Сарапшы: Кочоров Абдумамат Сулейманович, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Өсімдіктерді қорғау зертханасының меңгерушісі
📞 Ұйымдастырушылардың байланыс мәліметтері: +7 705 102 3209
✅ Семинар 100 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасын іске асыру туралы 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасының аясында өткізіледі.
✅ Іс-шара Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ қолдауымен өткізіледі.
39 -рет қаралды




















