Тұқым себетін машиналар көктемгі дала жұмыстарына дайын
Жаңалықтар

А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да көктемгі дала жұмыстарына дайындық жалғасып жатыр. Жақында орталыққа толық жөндеуден өткен тұқым себетін машиналар келді. Енді олар егін науқанына сақадай-сай.
Мемлекет ауыл шаруашылығына қолдау көрсетіп келеді. Соның арқасында Бараев орталығына жаңа техника сатып алынып, қолда бар машина-трактор және комбайн кешені толық жөндеуден өтті.
Орталықта атқарылып жатқан барлық іс-шаралар көктемгі дала жұмыстарын сәтті өткізіп, өнімділікті арттыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде уақыт пен қаржы үнмедеуге септігін тигізеді.
1 993 -рет қаралды