А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында қырман аумағы толықтай жөндеуден өтті


Жаңалықтар

А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында биылғы жиналған тұқымдарды өңдеп, сақтауға арналған алаңды кеңейту мақсатында қырман аумағына жүргізілген жөндеу аяқталды.
Қырманның екі алаңына толықтай асфальт төселді. Бұл тұқымдарды өңдеп, сақтау кезінде шығынды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Аталған алаңдарда биылғы жиын-терімнің астығы қабылданып, кептіріліп, стандартты ылғалдылыққа келтірілген соң сақтауға жөнелтіледі. Бұған дейін тұқымдарды алаңдардағы ескі төсемде сақтау барысында шығынға жол берілсе, ал жаңа асфальт төсемде шығын мүлдем болмайды.
Айта кетейік, қырман өзінің жөндеуден өткен алаңдарында 6 мың тоннаға дейін астық қабылдай алады.

скачать dle 12.0
756 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх