KAZ | RUS | ENG

«Азия дуэті»нут сорты жоғары экономикалық көрсеткіштерге ие

Авторлары: Р.М. Сүлейменов, Ж.А. Қасқарбаев, З.И. Халикулов, Рам Шарма, Ихтиаз Мухаммад, А.А. Чечерина, И. П. Ошергина.
Сортты «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мен ISARDA бірлесіп шығарған.

Сорттың арғы тегі: ILC 237/FLIP91-32C. Ботаникалық сипаттамасы: таксономикалық емес kabuli бірлігі. Паллидум түршесіне жатады. Тік өседі, бойы 31 мен 85 см аралығында болады. Тармақтану және жапырақтану қарқыны орташа. Жапырақтары 11-17 жұп, сопақша, жиектері ирек-ирек келеді. Гүлдері ірі, ақ түсті, дара болады. Бұршақтары орташа және ірі, томпақша, ұзындығы 20-25 мм, ені 10-15 мм, көп жағдайда екі тұқымды.

Тұқымдары қызғылт-сары, бұрыштылау келген дөңгелекше пішінді, ірі. Дән жарнағы сары. 100 үлкен дәннің салмағы — 33-41г. Орта мерзімде пісетін сорт. Өсіп-өну кезеңі — 85 пен 105 күн аралығында. Құлап-жапырылуға, төгіліп-шашылуға, құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Комбайнмен тікелей жинап алуға жарамды сорт. Тауарлық және ас-дәмдік сапасы өте жоғары. Дәндегі белок үлесі — 21,4-28,4 пайыз, қолайлы жағдайларда өсірілгенде 31,5 пайызға дейін жетеді. Дәмдік сапасы 4,5-4,6 балл.

Астықтық ең жоғары өнімділігі 42,2 ц/га көрсеткішті құрайды, Краснокутский 123 (desi) стандартының өнімділігі — 39,6 ц/га. Жоғары өнімділігіне, тауарлық және ас-дәмдік сапасының жоғарылығына және қоршаған ортаның залалды әсерлеріне төзімділігіне байланысты, сорт осы дақыл өсірілетін барлық аймақтарда бәсекеге толық жарамды. Жоғары экономикалық көрсеткіштерге ие.
скачать dle 12.0
16 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх