«Шортандылық 4» қарқұмық сорты дәнінің салмақ көрсеткіші жоғары
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.И. Коберницкий, Э.Я. Струева, Т.С. Мамыкина, О.В. Илле.
Бұл сорт қарақұмықтың Дамсинка және Шатиловская 5 сорттарын гибридтеу барысында тез пісіп-жетілетін, жоғары түсім беретін және ірі дәнді түрлерді бірнеше мәрте жаппай сұрыптау арқылы алынған.
Ботаникалық сипаттамасы: түр тармағы — vulgare, түрше — alata. Бойы орта өсімдіктер қатарына жатады (55-80 см), сабағы жасыл, орташа қалыңдықта, басты сабақтағы түйіншелер саны — 5-7. Құлап-жапырылуға төзімділігі жоғары. Жапырағы орташа, тегіс. Гүлдері ақ түсті, орташа көлемде болады. 1000 дәннің салмағы — 31,2-33,5 г.
Дән көлемінің салмағы көрсеткіші жоғары — 570-590 г/л аралығында ауытқиды. Сыртқы қабық салмағының үлесі, орташа алғанда, 20,0-22,0 пайыз.
Төгіліп-шашылуға төзімділігі орта деңгейден жоғары. Орта мерзімде пісетін сорт, тұқым себілгеннен шаруашылық қажеттілікке пісіп-жетілгенге дейінгі аралықта 96-98 күн өтеді, стандарттан 3 күн кешеуілдеп піседі. Дәннің тегістелу көрсеткіші жоғары — 75-85 пайыз, оңай ұнталады. Дәннің алынуы — 65-68 пайыз. Жармасы ашық күлгін түсті, ботқасы ашық қоңыр, ботқаны аспаздық бағалау — 4,1-4,4 балл аралығында.
Астық түсімі жағынан Шортандылық 4 сорты — Шортандылық ірідәнді стандартты сортының деңгейінде, немесе одан 1,0-2,0 центнер көрсеткішке артық өнім береді.
Сортты Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген.
1 696 -рет қаралды