«Шортандылық 12» тары сорты пісіп-жетілгенге дейін жапырақтары жасыл реңкте сақталады


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.И. Коберницкий, Э.Я. Струева, Т.С. Мамыкина.
Шортандылық 12 сорты Орловское 42, Волжское 3 және Саратовское 2 сорттарын будандастыру арқылы алынған.

Сангвинеум (Sanguinuem A1) түршесіне жатады. Сіпсебасы нығыздалған, салбыраңқы, ұзындығы орташа (22-25 см), тығыздығы орташа, бұтақшалары жіңішке, жан-жаққа салбырап тұрады. Масақтары күлгін реңксіз, қола түсті болады.

Дәндері қызыл, жұмыртқа пішіндес, ірі, 1000 дәннің салмағы — 7-8 г. Дән көлемінің салмағы көрсеткіші жоғары — 705-729 г/л, сыртқы қабық салмағының үлесі орташа — 15-17 пайыз. Төгіліп-шашыла бермейді. Бойы орташа (80-110 см). Сабағының қалыңдығы орташа, диаметрі 5-8,5 мм болады; берік, іші қуыс. Басты сабақта 5-7 түйінше аралығы болады. Жоғарыдағы түйінше аралығының ұзындығы орташа — 14-18 см.

Жапырақтары жасыл, сабақтағы бірінші түп пен соңғы түп аралығындағы ұзындық 50-55 см болады. Тұтасып өседі, сабақтары тік, құлап-жапырыла бермейді. Пісіп-жетілгенге дейін жапырақтары жасыл реңкте сақталады. Орта мерзімде пісетін сорт (тұқым себілгеннен пісіп-жетілгенге дейін — 80-95 күн). Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Жасанды ортада қаракүйемен зақымдануы жоғары болады. Тары құмытымен зақымдану жағдайлары байқалған жоқ.

Жарманың алынуы жоғары — 70-80 пайыз. Жармасы сары түсті, көп жағдайда ботқасы дәмді болады.

Өнімділігі жоғары, стандартпен салыстырғанда, 26-30 пайыз артық өнім береді. Өндірістік сортсынағы кезінде стандарт көрсеткішінен 2, 1ц/га артық өнім берген.

Қазақстанның Солтүстік, Орталық және Солтүстік-Шығыс аймақтарында өсіруге ұсынылады.
скачать dle 12.0
2 052 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх