«Шортандылық 11» тары сортының өнімділігі жоғары


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: В.И. Коберницкий, Л.А. Коробкина, Э.Я. Струева.
Шортандылық 11 сорты Кинельское 92 және Шортандылық 7 сорттарын будандастыру арқылы алынған.

Кокцинеум түршесіне жатады. Сіпсебасы тармақты, ұзындығы (20-22 см) мен тығыздығы орташа, бұтақшалары жіңішке, жан-жаққа салбырап тұрады. Дәні қызыл, жұмыртқа тәріздес, ірі, 1000 дәннің салмағы — 7,8-8,5 г. Дән көлемінің салмағы көрсеткіші жоғары — 732-758 г/л, сыртқы қабық салмағының үлесі орташа (17,7-19,2 пайыз). Төгіліп-шашыла бермейді. Бойы орташа (85-110 см). Сабағының қалыңдығы орташа, диаметрі 5,1-8,5 мм болады; берік, іші қуыс. Басты сабақта 4-5 түйінше аралығы болады. Жоғарыдағы түйінше аралығының ұзындығы орташа — 14-18 см.

Жапырақтары жасыл, сабақтағы бірінші түп пен соңғы түп аралығындағы ұзындық 47-55 см болады. Қатарласып, тік өседі, құлап-жапырыла бермейді. Пісіп-жетілгенге дейін жапырақтары жасыл реңкте сақталады. Орта мерзімде пісетін сорт (тұқым себілгеннен пісіп-жетілгенге дейін — 85-95 күн). Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Жарманың алынуы жоғары — 80,3-82,3 пайыз. Жармасы сары түсті, көп жағдайда ботқасы дәмді болады. Байқау мақсатындағы сортсынағы жылдарында өнімділігі стандартты сортпен салыстырғанда 30 пайызға жоғары болды. Өндірістік сортсынағы кезінде 29,2 ц/га өнім берген.

Сорт Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша, ҚР селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
1 824 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх