Нақты егіншілік жүйесіне арналған семинар өтеді


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО жанындағы «Шортанды» оқу орталығы сіздерді «Нақты егіншілік элементтерін пайдалану арқылы өндіріс тиімділігін арттыру және әртараптандыру» атты семинарға шақырады.

Іс-шара 2018 жылдың 25 қазанында сағат 09:00де А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да (Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный ауылы, Бараев 15 көшесі) өтеді.

Семинарға қатысу тегін. Қатысушыларға ақпараттық материалдар мен сертификаттар беріледі, түскі ас пен кофе-брейк ұйымдастырылады.

Семинар бағдарламасы:

- Технологиялық процесстерді цифрлау және нақты егіншілік технологиясы негізінде өсімдік шаруашылығындағы өнімділік пен тиімділікті арттыру.

- Дәнді, майлы, дәнді-бұршақты дақылдардың жаңа сұрыптары мен олардың келешегі және бұл дақылдарды өндірудің тиімді технологиялары.

- Дәнді және майлы дақылдардың өндірісінде минералды тыңайтқыштар жүйесі.

- Дәнді және майлы дақылдардың өндірісінде өсімдіктерді қорғау жүйесі.

- Агрохимиялық зерттеу, агрохимиялық картограмманың әдістерімен танысу және оларды жасау.

Практикалық сабақтар:

- Минералды тыңайтқыштарды дифференциалды себу мен енгізуге арналған ауыл шаруашылығы техникасы.

- Өсімдіктер көрегінің макро және микроэлементтері негізінде қызметтік және фотометриалық экспресс-диагностика.

- Жетекші мамандар мен сарапшылардың жеке консультациялары.

Семинарға қатысу үшін келесі телефондарға хабарласуға болады:

+7 (71631)23116, +7 7051023209 (Whats App) немесе мына электронды поштаға өз өтінішіңізді жолдай аласыз: shortandy.ex@mail.ru
скачать dle 12.0
1 630 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх