Алматыда АӨК жас ғалымдарының халықаралық І форумы өтті


Жаңалықтар
Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында «Жас ғалымдардың отандық агроөнеркәсіптік кешенінің индустриалды-инновациялық дамуына қосқан үлесі» атты I халықаралық жас ғалымдар Форумы өтті.

Іс-шараның мақсаты – еліміздің аграрлық ғылымы мен агроөнеркәсіптік кешенінің маңызды міндеттерін шешу үшін жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту және интеллектуалды күшін біріктіру.

Халықаралық форумға А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның жас ғалымы, қатты бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі Руслан Жылқыбай қатысты. Ол форум аясында басқа жас ғалымдарға 2018 жылы гектарынан 46,5 центнер өнім алған «Дамса 2017» сортының ерекшеліктері туралы баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.

Форум жұмысына Түркия, Польша, Сербия,  Ресей, Украина, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. елдердің білікті мамандары мен жас ғалымдары қатысты.

Іс-шара аясында жас ғалымдарға пайдалы тәжірибе алмасулар, мастер-класстар, арнайы көрме ұйымдастырылды. Форум форматы білікті мамандар мен жас ғалымдардың  пікір алмасып, ғылыми-шығармашылық байланыстарын дамытуға бағытталды.
скачать dle 12.0
1 585 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх