AgriTek/FarmTek Astana 2019 ауылшаруашылық көрмесі ашылды


Жаңалықтар
Бүгін Астана қаласындағы "Көрме" орталығында AgriTek/FarmTek Astana 2019 халықаралық мамандандырылған ауылшаруашылық көрмесі салтанатты түрде ашылды.

Әлемнің 15 елінен (Австрия, Беларусь, Германия, Польша, Совакия, Италия, Канада, Қытай, АҚШ, Түркия, Украина, Нидерланды, Испания, Чехия,Ресей және т.б.) 200-ден астам компания өкілдері жиналған осынау алқалы іс-шараға А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев, бас директордың орынбасарлары, зертхана меңгерушілері, ғылыми қызметкерлер қатысты.

Бараевтық мамандар ауылшаруашылығы саласындағы әріптестерімен іскерлік кездесулер өткізіп, көрмеге әкелінген соңғы үлгідегі техникамен, арнайы жабдықтармен танысып, агрохимиялық өнімдер залын аралап көрді.

Көрме шеңберінде ауылшаруашылығын дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша көнференциялар мен семинарлар өткізіліп жатыр.

Айта кетейік, көрмеге ҚР АШМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Фермерлер Одағы, Қазақстан Құс өсірушілер Одағының ресми қолдау көрсеткен. Ресми серіктесі-Қазагроқаржы.

Ауылшаруашылығы көрмесі 15 наурызға дейін жалғасады.
скачать dle 12.0
997 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх