Көкшетауда Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Жаңалықтар
Көкшетауда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң күнiне арналған салтанатты iс-шара өтті. Өңiрдiң агроөнеркәсiп кешенiнiң өкiлдерiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин құттықтады.
Іс-шара барысында облыстың ауылшаруашылығы жетістіктеріннің көрмесі ашылды. Көрмеге А.Бараев атындағы АШҒӨО да қатысуда. Орталық өкілдерін А.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Кенже Абдуллаев бастап барды.
Биыл ақмолалық диқандар 5,6 млн. тонна астық жинады, өнімділік әр гектарынан - 13 центнер. Бұл жоғары сапалы бидай сыртқы нарықта сұранысқа ие, оның экспорттық көлемі жыл сайын артып келедi.
Облыстың сегiз аграрлық кәсiпорны өндiрiстегi үздiк нәтижелерi үшiн марапатталды. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң арасында да үздiктер анықталды. Олардың iшiнде комбайнерлер, механизаторлар, сауыншылар, бұзаушылар, құс өсiрушiлер, агрономдар және т.б. бар.
ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/397
1 775 -рет қаралды