Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің 20-дан астам түрі Қытайға экспортталады


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары- Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында Қытайдың Бас кеден басқармасының төрағасымен 2019-2020 жылдар аралығында Қытайға экспорттайтын 20 жаңа ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері туралы Жол картасына қол қойылды.
Бүгінгі таңда 13 тауар түрі бойынша 13 хаттамаға қол қойылды, тағы 3 хаттама ҚР Премьер-Министрінің ҚХР-ға ресми сапары кезінде қол қоюға келісілді.

Жол картасына қол қойылған жаңа 20 хаттама құс шаруашылығы өнімдері, жылқы еті және шошқа еті, сондай – ақ мал союға арналған тірі мал-ІҚМ және ҰҚМ. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінен жаңа Жол картасына рапс, сафлор, қарақұмық, бұршақ, нут, күнжут, көкөніс пен жемістердің кейбір түрлері, жаңғақтар мен пісте, тоңазытылған ет түрлері, соның ішінде салқындатылған қой еті кірді.

Сапар барысында қазақстандық делегация 130-дан астам ел мен ұлтаралық компаниялар қатысатын «CHINA INTERNATIONAL IMPORT EXPO» импорттық тауарлардың халықаралық көрмесінде болды. Қазақстан Республикасы ұлттық павильонында 30-дан астам компания ұсынылған, олардың негізгі бөлігі азық-түлік өндірушілер болып табылады.

“CHINA INTERNATIONAL IMPORT EXPO” көрмесі кезінде Өмірзақ Шөкеев “сауда және инновациялар” Форумына қатысып, халықаралық көрме қонақтарының алдында баяндама жасап, Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестициялаудың артықшылықтары туралы айтып берді.

Көрме барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгро» АҚ басшылығының және облыстық әкімдіктердің өкілдерінің қатысуымен Қытай мен Қазақстанның іскер топтарының екіжақты кездесулері өтті.

B2B форматындағы кездесулер барысында Павлодар облысындағы қант зауытын салу мәселелерін әзірлеу жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Ол үшін жақын арада Қазақстанға 3 ірі қытайлық компания өкілдері келеді.

Сонымен қатар, “Qazaq capital partners” мен “Wudeli Flour Group Co. LTD ” арасында Астана қаласында астық өңдеу және кеспе өндіру зауытын салу туралы Меморандумға қол қойылды.

Қытай компанияларының өкілдері Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына үлкен қызығушылық танытып, одан әрі машина жасау, ет өңдеу, жемшөп өндірісі, логистика, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда және маркетинг салаларына инвестиция салуды жоспарлап отыр.
скачать dle 12.0
1 433 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх