Өмірзақ Шөкеев: Бүгінгі таңда 14 млн тоннадан астам астық жиналды
Жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оның орынбасары Өмірзақ Шөкеев ауа райының жаңбырлы болуы биылғы жылғы егін жинау науқанына біраз кедергі келтіргенін, бірақ осыған қарамастан өңірлерде күшейтілген жұмыс жалғасып жатқанын баяндады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, астық өнімділігі жалпы жаман емес: қазіргі уақытта диһандар 1 га үшін 13 центнер астық алады.
1 678 -рет қаралды