Нақты егіншілік жүйесін қолдану
Егіншілік жүйесі / Нақты егіншілік
Заманауи ақпараттық жүйелерді қолдану ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Нақты егіншілік – бұл геоақпараттық жүйелерді жаһандық жайғастыру жүйелері (GIS), жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) және тағы басқалары негізінде ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруға кешенді тәсілдеме болып табылады.
Дәстүрлі егіншілік жүйесі барысында тыңайтқыштар алқаптың жалпыауданына топырақтағы құнарлы заттардың бірдей болмауы ескерілместен бір мөлшерде енгізіледі. Алайда бір алқаптың әртүрлі учаскелерінде тыңайтқыштың қажеттілігінде бірнеше есе айырмашылық болуы мүмкін. Осының салдарынан тыңайтқыш енгізілгеннен кейіналқаптың бір учаскелерінде тыңайтқыш артық болса, өзге біреулерінде жетіспеушілік байқалатын болады. Бұл өз кезегіндеөнімділікке және өнімнің сапасына, топырақтың құнарлығына, экологиялық жағдайдың нашарлауынаалып келеді. Сондай-ақалқапта арамшөптердің болу-болмауына және алқаптың жекелеген учаскелерінде өсімдіктердің ауруларға шалдыққан-шалдықпағандығына қарамастан жалпы алқапқа енгізілетін химиялық қорғау құралдарына қатысты да дәл осыны айтуға болады.
Нақты егіншілік жүйесі барысында тұқым себудіңөнімділігі өсімдіктердің өсетін ортасының біркелкі болмайтындығын ескере отырып басқарылады. Алқаптың әр учаскесіндетыңайтқышқа сұраныс ескеріліп барып енгізіледі. Тыңайтқыштың қажетті мөлшері агрохимиялық зерттеудің,өсімдіктердің өсіп-өну индексінің NDVI форматтағы картасы, бұрынғы егістің дақылын жинау кезінде алынған өнімділік картасы негізінде айқындалады.
Тыңайтқыш енгізілердің алдындаалқаптарға агрохимиялық зерттеу жүргізіледі.Әрбір алқапәр учаскеге сәйкестендіру нөмірін бере отырып, ұсақ учаскелерден тұратын координациялық торға бөлінеді. NPK құнарлы элементтердің құрамын анықтау үшін әр ұсақ учаскедегікемінде 20 нүктеден топырақтың біріктірілген сынамасы алынады. Зертханалық агрохимиялық талдаманың негізіндетопырақтағы құнарлы элементтердің құрамы анықталып, құнарлы заттармен қамтамасыз етілуі қолданыстағы критерийлер бойынша бағалана отырыпагрохимиялық зерттеу картасы жасалады. Әрі қарай агрохимиялық зерттеу картасы негізіндетыңайтқышты дифференциалды енгізу үшін тапсырма-карта жасалып, ол GPS-қабылдағышы және берілген координаттар бойынша off-line режіміндетыңайтқышты енгізу мөлшерін реттейтін бақылағышы бар машина-трактор агрегатының борттық компьютерінің чип-картасынакөшіріледі.
Тыңайтқышты NDVI форматында off-line және on-line режімдерінде өсіп-өну индексі негізінде де дифференциалды енгізуге болады. Оff-line режімінде тыңайтқышты енгізуге арналған карта-тапсырма ғарыштық спутник немесе пилотсыз басқарылатын ұшу аппаратынан (ПБҰА) алынған NDVI форматында жасалады. Оn-line режімінде тыңайтқыщты енгізу мөлшерін реттейтін бақылағышқа тракторға орнатылған NDVI (Greenseeker) белгібергіштерінен белгі келеді. Тыңайтқышты NDVI негізінде дифференциалды енгізуді басқару кезінде NDVI индексі тек топырақтың құнарлылық режіміне ғана емес, сондай-ақтүрлі аурулар мен зиянкестерге шалдығу, алқаптардың ластану дәрежесі, өнімді ылғалдың болуы және алқаптың жалпы ауданына біркелкі жайылатын өзге де факторларға байланысты болмақ.
Өнімділік картасы негізіндетыңайтқыштарды дифференциалды енгізу картасын құруды Agrian Inc. компаниясының порталынан байқап көруге болады. Карта бұлтты сервисте John-Deere комбайны белгі бергіштерінен түсетін мәліметтер негізінде жасалады. Одан әрі қарай пайдаланушы өнімділіктің максималды және минималдымәніне сәйкес тыңайтқышты енгізудің минималды және максималды мәнін енгізіп,тыңайтқышты енгізуге арналған тапсырма-карта жасалады.
Нақты егіншілік жүйесі тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарындифференциалды енгізуден бөлек алқаптардың электронды карталарын,спутниктік орналастыру және навигация жүйелерін жасауды, егістіктердің жағдайын мониторингілеуді, метеоқадағалауды, технологиялық операциялардың орындалуын электронды бақылау және есепке алуды жүзеге асырады.«А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС-ында бұл мақсатта «Агросмарт KZ» компания ұсынған «AgroNetworkTechnologies» (ИС АНТ) ақпараттық жүйесі пайдаланылады.Жүйе компьютерге қосымша бағдарламалар орнатуды талап етпейтін бұлтты сервис ретінде ұсынылған. Аталмыш жүйе алқаптарды цифрландыруды, егістіктердің жағдайын мониторингілеуді, егіс айналымын жоспарлауды,отынның жұмсалуы және шығынын еске алуды, технологиялық операцияларды орындалуын бақылаудыжүзеге асырады. Техникаға орнатылған белгі бергіштердегі ақпарат орталық компьютерге келіп түседі де, кескін және кесте түрінде экранға шығарылады. Қажет болға жағдайда техниканы пайдалану туралы есепті Excel форматында көшіруге болады. АНТ алқаптардың агрохимиялық зеттеу картасын жасауға, NDVI өсіп-өну индексі бойынша өсімдіктің жағдайын мониторингілеуге мүмкіндік береді. Түсірілімдер негізінде NDVI форматындатыңайтқышты дифференциалды енгізудің картасы жасалады.
Нақты егіншілік жүйесін жүзеге асыру барысындапараллель жүргізу жүйесін, тыңайтқыштар мен пестицидтерді дифференциалды енгізу, техниканы пайдалануды автоматты бақылауды енгізу есебінен өндірістік шығындар қысқаратын болады.Параллель басқару жүйесі кезінде атжалдар қалмайды жәнедала жұмыстарын жүргізген кезде қайта жабу мүлдем болмайды. Тыңайтқыштар мен пестицидтерді дифференциалды енгізу кезінде үнем 30%-ға дейін артады.Заманауи ақпараттық технологиялар техниканың барлық жүрісін, отынның жолдағы шығысын бақылауға, отынның әр құйылған кезін, комбайннан астықты тиеу және басқаларын тіркеп отырады.Бұл өндірістің тұтас процесін ашық етуге мүмкіндік бермек.
Ардақ САСЫҚОВ,
А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғылыми қызметкері
Жанат ТАСБОЛАТОВ,
Жанат ТАСБОЛАТОВ,
агроном, А.И. Бараев атындағы АШҒӨО егіншаруашылығы жөніндегі маман
2 726 -рет қаралды