Нақты егіншілік


Егіншілік жүйесі / Нақты егіншілік
Нақты егіншілік – жаһандық жайғастыру технологиялары (GPS), географиялық ақпараттық жүйелелер (GIS), өнімділікті бағалау технологиялары (Yield Monitor Technologies), ауыспалы нормалау техниологиясы (Variable Rate Technology) және жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) технологияларынан тұратын, ауыл шаруашылығы менеджментінің жоғарытехнологиялық кешендік жүйе болып табылады.
Нақты егіншіліктің ғылыми тұжырымдамасының негізі бір алқап шеңберінде әртектіліктің болуы туралы түсініктен тұрады. Осынау әртектіліктерді бағалау және детектрлеу үшінжаһандық жайғастыру, арнайы белгібергіштер, аэрофототүсірілімдер және спутниктік түсірілімдер, сондай-ақ геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) базасында агроменеджментке арналған арнайы бағдарламалар пайдаланылады.
Жинақталған мәліметтер себуді аяқтауды жоспарлау,тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын енгізудің нормаларын есептеу, өнімділікті мейлінше нақты болжау және қаржылық жоспарлау үшін пайдаланылады.Аталған тұжырымдама міндетті түрде топырақтың жергілікті ерекшеліктері/климаттық жағдайларын назарға алуды талап етеді.Жекелеген жағдайларда бұлаурулардың немесе ісінулердің жергілікті себептеріноңай айқындауға мүмкіндік береді.
Нақты егіншілікті алқаптардың жағдайын және агроменеджментті жақсартуда бірнеше бағыт бойынша қолдануға болады:
агрономиялық: дақылдың тыңайтқышқа деген нақты қажеттілігін ескере отырып агроөндіріс жетілдіріледі;
техникалық: шаруашылық деңгейінде тайм-менеджмент әлдеқайда жетілдіріле түскен (оның ішінде, ауыл шаруашылығы операцияларды жоспарлау жақсарады);
экологиялық: ауыл шаруашылығы өндірісінің қоршаған ортаға жағымсыз әсері қысқарады (дақылдың азотты тыңайтқыштарға сұранысын әлдеқайда нақты бағалау тыңайтқыштарды қолдануды және азот тыңайтқыштарды шашуды шектеуге алып келеді);
экономикалық: өнімділіктің өсуі және/немесешығындарды қысқартуагробизнестің тиімділігін арттырады (оның ішінде, азотты тыңайтқыштарды енгізуге шығындар қысқарады).
Дала жұмыстары мен жиын-терімнің электронды жазбасы және тарихын сақтау шешімдер қабылдаумен қатар,көп жағдайда дамыған елдердің заңнамасы талап ететін өндірістік цикл туралы арнайы есептілікті жасау барысында қажет болмақ.
Мәліметтерді координаттық байластыру
Алқаптың координаттық байлауы, басқаша айтқанда, электронды карта агроменеджерге топырақтың талдамасы нәтижелерін электрондық карта қабаты түрінде сақтауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, алдыңғы себілген дақылдар, топырақтың салыстырмалы қарсылығы, қышқылдық, гран құрамдары және басқа дақабаттар болуы мүмкін.Электронды картаны дайындаудың екі әдісі бар:
Агроменеджер топырақтың агрофизикалық-химиялық көрсеткіштерінің картасын пайдалана отырып шығындарды оңтайландыру үшін екі стратегияны жүзеге асыра алады:
статистикалық индикаторлардың талдамасы негізінде (топырақ көрсеткіштері,электрөткізгіштігі, алқаптардың тарихтары және т.б.) дақылдың даму фазасы ішінде шығындарды болжау (болжамдық тәсіл);
бақылаушы тәсілдеме, бұл жағдайда статикалық индикаторлардан келетін ақпарат дақылдың даму фазасы ішінде тұрақты түрде жаңарып, нәтижесінде
үлгілерді іріктеу: биомассаны өлшеу, жапырақтардағы хлорофилдің құрамын өлшеу,тұқымды өлшеу, және т.б.;
параметрлерді қашықтан анықтау: (ауа/топырақтың) температурасы, (ауа/топырақ/жапырақтың) ылғалдылығы, желдің жылдамдығы мен бағыты, сабақтардың диаметрі;
байланысты детектрлеу: биомассаның алып жүретін сенсорлары; алқаптарды контурлар бойынша аралап шығу қажет етіледі;
Аэро- немесе ғарыштық түсірілімдер (қашықтан зондтау): дақылдың биофизикалық параметрлерін белгілеу үшін мультиспектральді түсірілімді өңдеу.скачать dle 12.0
2 750 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх