"ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ СЕЛЕКЦИЯ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ" атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Сіздерді Қазақстан ғылымы қызметкерлерінің күніне арналған "ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ СЕЛЕКЦИЯ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ" атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференцияда келесі негізгі мәселелер қарастырылады:

- қарқынды егіншілік - жер ресурстарын тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен қалпына келтірудің негізі;

- өсімдік шаруашылығын әртараптандыру - ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты және тиімді өндірудің негізі;

- органикалық егіншілік - ауыл шаруашылығының жоғары сапалы өнімін өндірудің жаңа мүмкіндіктері;

- нақты егіншілік - инновациялық ауыл шаруашылығына апаратын жол;

- ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің күйзеліске төзімді гендік қоры және селекциясы - ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының негізі.

Конференция 2022 жылдың 8 сәуірінде "А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС-де өтеді. Өткізу формасы офлайн және онлайн (зум).

Конференцияға қатысуға жас ғалымдар, коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындардың жас мамандары, фермерлер, оқытушылар, ғылыми және білім беру мекемелерінің магистранттары, докторанттары, ЖОО студенттері шақырылады.

Конференцияның басында баяндамалардың, мақалалардың, хабарламалардың электрондық жинағын шығару көзделеді. Конференция материалдары тегін жарияланады.Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.


Конференцияның негізгі бағыттары:

1) Егіншілік және өсімдік шаруашылығы

2) Өсімдіктердің селекциясы және тұқым шаруашылығы

3) Өсімдіктерді қорғау

4) Мал азығын өндіру

5) Қазақстанның аграрлық секторының экономикалық проблемалары

6) Экология және табиғатты ұтымды пайдалану

7) Биология және биотехнология

Материалдарды жариялау үшін және қатысуға өтінімдерді (1.2-қосымшаларға сәйкес) мына электрондық мекенжайға ұсыну қажет: nauka-baraeva@mail.ru 2022 жылдың 01 сәуіріне дейін.


Мақалаларды қабылдау және рәсімдеу талаптары:

• басылымға бұрын жарияланбаған; бір автордан - бір мақаладан артық емес мақалалар қабылданады; ғылыми жетекші студенттердің, магистранттардың немесе докторанттардың екі мақаласынан артық емес тең авторлықта жариялануы мүмкін.

• әдебиеттер тізімін қоса алғанда, мақала көлемі А4 форматындағы (кітап бағдары) 7 (толық) беттен аспауы тиіс, TimesNewRoman қарпі (14pt), аралығы - біртекті, жиегі: жоғарғы жағы - 2 см, төменгі жағы - 2 см, сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см, жолдың ені бойынша туралануы және автоматты тасымалдауды міндетті түрде орнатуы тиіс;

• бірінші жолдың ортасында-мақаланың, баяндаманың атауы бас әріптермен қалың қаріппен, бір интервалдан кейін, ортасында - автордың аты - жөні және тегі (қою қаріппен), бір интервалдан кейін-қала және ұйымның немесе оқу орнының атауы. Негізгі мәтін бас жолдан 2 интервалдан кейін басталады;

• әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында орналастырылады және дереккөздердің аталу тәртібімен жасалады, мәтіндегі сілтемелер тік жақшада ресімделеді.

Жарияланатын материалдардың сапасын қамтамасыз ету және авторлық құқықтарды сақтау мақсатында келіп түскен барлық мақалалар плагиатқа тексеріледі. Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Осыған байланысты жоғарыда аталған барлық талаптарды сақтай отырып, ғылыми мақалаларды редакцияланған түрде ұсыну қажеттілігіне назар аударамыз.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы және байланыс телефондары:

Қазақстан, 021601, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті, А.И. Бараев атындағы АШҒӨО:т/ф: 87712827130; 8 (71631) 23032; 8 (71631) 23029;e-mail: nauka-baraeva@mail.ru





1 қосымша


А.И. Бараев атындағы АШҒӨО

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің төрағасы,

Басқарма Төрағасы

Н.А. Серекпаев


"ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ СЕЛЕКЦИЯ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ" жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға

ӨТІНІМ


1

Тегі


Аты


Әкесінің аты


2

Ғылыми дәрежесі, атағы


3

Ұйым


Лауазымы


4

Байланыс деректері:


Телефон

+7 7…..

e-mail


5

Секция атауы


6

Баяндаманың толық атауы


7

Қолы


Толтырылған күні


скачать dle 12.0
598 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх