Халықаралық әйелдер күнімен!


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
Ардақты аналар, қымбатты арулар, асыл жандар! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке - бірлігін ойлайтын жан ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйелдер қауымының  әлеуметтік жақтан  қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі.
Біздің университетіміздің де гүлденуі жолында өздеріңіздің үлестеріңіз орасан. Білім ордамыз сіздердің белсенділіктеріңіздің арқасында үнемі жарқырап-жайнап, гүлдене түседі. Сондықтын осынау бір көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл - күйлеріңізге, күш - жігерлеріңізге қуат беріп қызметте табыс, отбасыларыңызға мол береке, бақыт пен шаттық сыйласын.
Жылдан - жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
 
Ізгі тілекпен,                   
Басқарма төрағасы                      Қайрат Айтуғановскачать dle 12.0
846 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх