КЕЛЕ ЖАТҚАН 8 НАУРЫЗ КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІ!


Жаңалықтар


Құрметті арулар, құрметті бикештер!

Міне, 8 Наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Сіздерді А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ұжымының атынан жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын төгетін асылда қымбатты жансыздар. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайтыны анық.

8 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қарындастарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізет тіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.

Тағы бір мәрте баршаңызды көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

Құрметпен,

Нұрлан Серiкпаев, Басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

скачать dle 12.0
1 651 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх