Бараев орталығында Наурыз мейрамы тойланды
Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО Наурыз мерекесін атап өтті. Қонақтар назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, шақырылған әртістер өнер көрсетті.
Қонақтар наурыз көже, қазы, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдардан дәм татты. Сонымен қатар, ұлттық ойындарға орталықтың барлық қызметкерлері белсене қатысты.
Мерекелік шараға Шортанды ауданының әкімі Гүлнар Садуақасова да қатысып, жиналғандарды келе жатқан Наурызбен құттықтады. Ол Бараев орталығының жетістіктерін айрықша атап өтіп, келе жатқан көктемгі-дала жұмыстарында сәттілік тіледі.
Бараев орталығы көктемгі егіс жұмыстарына жақсы нәтижелермен келгенін атап өткен жөн. Нақты айтсақ:
1. Орталықта жұмыс істейтін қызметкерлер мен ғылыми кадрлардың бірлескен күші арқасында 2018 жылы жаздық бидайдың өнімділігі – 22,5 ц/га жетті. Нақты егіншілік полигондарындағы орташа өнімділік - 25,4 ц/га, ал дәстүрлі егіншілік технологиясымен егілген егіннің өнімділігі 18,7 ц/га болды. Айта кетейік, аудан мен облыс көлемінде орташа өнімділік, сәйкесінше, 12,2 және 12,7 ц/га.
2. 2018 жылы Бараев орталығының ғалымдары бидай өнімділігін бірнеше есе арттырды. Қатты бидай зертханасының ғылыми қызметкерлері «Дамса 2017» сортынан 46,5 центнер өнім алды.
3. Бараев орталығы Президенттің қызметкерлердің жалақысын арттыру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Ғылыми орталық қызметкерлерінің жалақысы 10% көтерілді.
4. АШҒӨО машина-трактор және комбайн паркін жаңартты. Орталық 46 бірлік жаңа ауыл шаруашылық техникасын сатып алды.
5. Ғылым орталық қар тоқтату жұмыстарын сәтті өткізді. Бұл шараларды жүргізу – Солтүстік Қазақстан аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық схемасында, оның ішінде нақты егіншілік жүйесінде маңызды элементтің бірі.
ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/569
1 460 -рет қаралды