Тәуелсіздік күні құтты болсын!


Жаңалықтар


Сіздерді халқымыздың асыл мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Міне, 29 жыл бойы бұл мереке мемлекетіміздің бостандығы мен күшінің символы болып саналады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен тамаша жалғастырды.


16 желтоқсан – ел тарихы үшін тағдырлы күн. Біз өзімізге осы жолды таңдай отырып, мемлекетіміздің дамуын анықтайтын патриотизм, бостандық және демократия құндылықтарын таңдадық.


Біз барлық қазақстандықтармен бірге осы жылдардағы жетістіктермен мақтан етеміз. Біздің Орталық ғылыми қауымдастықтың бірнеше буыны арасындағы ажырамас байланысты сақтай отырып, уақыт сынынан абыроймен өтті.


Сіздер көрсеткен екбек пен табандылық, ақыл-парасат пен талант – қазіргі Орталықтың мақтанышы. Біздің жетістіктеріміз бізге жаңа күш береді. Олар елдің өркендеуі мен аграрлық ғылымындағы прогресс үшін әлі жаңа істермен бекітілетін болады.


Осы күні Сіздерге зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілеймін! Сіздің үйіңізде әрдайым бейбітшілік және келісім болсын.


Ізгі ниетпен, Бақыт Ирмулатов, «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма Төрағасының у.м.а., а/ш ғылымдарының докторы

скачать dle 12.0
1 213 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх