Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара
Жаңалықтар
2019 жылғы 13 желтоқсанда "А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС-ында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Тәуелсіздік күні қарсаңында АШҒӨО Бас директоры, академик Кенже Абдуллаев Орталық ғалымдарының ұжымын құттықтап, олардың ғылыми-практикалық қызметіндегі зор жетістіктерін атап өтіп, Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. "Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығын атап өтеміз. Жыл сайын біздің еліміз егемендік жолында маңызды қадамдар жасауда. Бұл күн біз үшін ерекше. Тәуелсіздік күні - әр азаматтың бостандығы мен егемендігінің мерекесі. Мерекелеріңізбен, қымбатты әріптестер!", деп атап өтті Кенже Абдуллаев.
"Дамса" ауылының әкімі Гүлнар Абдрахманова кенттің дамытудағы "А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС-ның жетекші рөлін атап өтті. Әкім Орталық басшысы Кенже Абдуллаевты, сондай-ақ барлық ғалымдар ұжымын ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Кәсіподақ төрағасы Жантас Тұрмаханұлы АШҒӨО-ның барлық қызметкерлеріне мереке құрметіне тілек айтып, кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарындағы құқықтарын, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғауды жалғастыра беретінін жеткізді.
АШҒӨО-да көп жыл жұмыс істеген Қайсар Әшімұлы өз ұжымын ұмытқан емес. Ол жыл сайын ғалымдарды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды және бұл жолы да бұрынғы әріптестермен қуаныш бөлісу үшін келді. "АШҒӨО басшысы Кенже Абдуллаевқа орталықтың жұмысына қосқан зор үлесі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, ол осы кәсіпорында жұмыс істеген ардагерлер туралы ешқашан ұмытпайды. Сондай - ақ, барлық ғалымдарды құттықтаймын және оларға денсаулық, өркендеу мен табыс тілеймін" - деді ол.
Іс-шара соңында Орталық ұжымы үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ғалымдар үшін Абай Төлепберген, Еркебұлан Мұрат, Азизхан Гүлдана және Ерлан Шакирбекович сияқты талантты да өнерлі әртістер өнер көрсетті.
1 430 -рет қаралды