АШҒӨО ұжымы 2019 жылғы атқарылған жұмыстарын қорытындылады


Жаңалықтар
"А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нда 2019 жылғы жиын-терімнің нәтижесін қорытындылаған және сала мамандары үшін басты мереке саналатын ­ Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орайластырылған іс-шара болып өтті.
Іс-шараны «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС бас директоры Кенже Қожахметұлы Абдуллаев алғысөзбен ашып, Орталықтың биылғы жылғы атқарған жұмыс нәтижесін баяндады. Бас директор биыл еңбек ұжымы үшін жемісті жыл болғанын атап өтті. Ғалымдарымыз 2019 жылы селекциялық өнертабыстарына 12 патент иеленді. Бұдан бөлек, Серіктестік бірқатар айтулы шараларда көзге түсті. Мәселен, «КазАгро»-ның алтын медалін иеленсе, Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастырған Қазақстанның 100 үздік кәсіпорны рейтингісіне еніп, «Саланың үздігі» атанды. Ал күні кеше ғана Ақмола облысының аграрлық өнеркәсіп кешені саласын дамытуға үлес қосқан кәсіпорын ретінде Ақмола облысы әкімінің марапатын алды.Осыған орай Кенже Абдуллаев табысты еңбек еткен қызметкерлерді атап өтіп, марапаттады. Солардың қатарында бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Бақыт Ирмулатовқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасын, Виктор Юрченко, Алдаберген Қияс, Жанат Тасболатовқа Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Құрмет грамотасын табыстады. Сонымен қатар Орталықтың қызметкерлері ақшалай сыйақылармен және бағалы сыйлықтармен атап өтілді.
скачать dle 12.0
805 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх