Астық шаруашылығы ҒӨО ұжымы ғалым Татьяна Дворникованы мерейтойымен құттықтады


Жаңалықтар
12 қарашада «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС басшылығы мен ұжымы 90 жасқа толған Татьяна Никитична Дворникованы мерейтойымен құттықтады.

Татьяна Никитична ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, көп жылдар бойы «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС-нда еңбек етіп, бүгінде зейнеткер.
Татьяна Никитичнаның БАШҒЗИ-дағы еңбек жолы 1959 жылы аға зертханашы лауазымынан басталған. Ол еңбек еткен жылдары көптеген ғылыми мақалалар жазды. Т.Дворникова құрмет грамоталарымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен, «Академик А.И.Бараевтың туғанына 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Орталықтың ғалымдары еліміздің аграрлық ғылымына еңбек сіңірген барлық әріптестерін әрдайым еске алып отырады. «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС бас директоры, академик Кенже Абдуллаевтың және Орталықтың ұжымы атынан Татьяна Никитичнаны туған күнімен құттықтап, естелік сыйлық табыс етілді.
скачать dle 12.0
933 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх