Людмила Ивановна Загородняя
Тарих беттері
Людмила Ивановна Загородняя, агроном-ғылым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Людмила Ивановна 1936 жылы 30 қарашада Воронеж қаласында туған. 1951-1961 жылдары Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жүгері бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1963-1971 жылдары БАШҒЗИ-да жемазық өндірісі бөлімінің аға ғылыми қызметкері болды.1971 жылы Алматыда ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты атағы үшін "Целиноград облысы жағдайында жүгері үлгілерін агробиологиялық зерттеу" диссертациясын қорғады. 1971-1972 жылдары БАШҒЗИ-дың көпжылдық шөптер селекциясы зертханасында аға ғылыми қызметкер болды. 1972-1973 жылдары БАШҒЗИ-да көпжылдық бұршақ дәнді шөптер селекциясы зертханасының меңгерушісі міндетін атқарды. 1992 жылы жасына байланысты құрметті демалысқа шықты. "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін", "Адал еңбегі үшін", "В.И.Лениннің 100 жылдық мерейтойы" медальдарымен және "Құрмет белгісі" орденімен маратталған.
1 142 -рет қаралды