Иван Гаврилович Зинченко


Тарих беттері
Иван Гаврилович Зинченко, агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Иван Гаврилович 1923 жылы 15 желтоқсанда  Донецк облысының Дебальцево қаласында туған.  Еңбек жолын Дебальцево қаласында ұста-модельдеуші болып бастады. 1943-1944 жылдары - ІІІ Украина майданындағы 53  дивизиясы 431 атқыштар полкінде автоматшы.
1944-1945 жылдары ІІІ Украина майданының 590 ерекше жеке батальонның жауынгері.
1945-1946 жылдары Дебальцево машина зауытында техникалық бақылау бөлімінде жұмыс істеген. 1946-1950 жылдары Азов-Қаратеңіз ауылшаруашылық институтын тәмамдаған. 1950 жыл мен 1955 жыл аралығында Октябрь және Чистов кеңшарларында бас агроном болып еңбек етті. 1955-1958 жылдары Сібір ғылыми-зерттеу институтының аспиранты болды.  1957-1958 жылдары бас агроном,  өндіріс жөніндегі орынбасар, егіншілік бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.  1958-1960  Толанский  дивизиясы атындағы кеңшарында бас агроном болды.
1960-1961 жылдары "Победа" кеңшарында бас агроном қызметін атқарды. 1961-1963 жылдары - "Станционный " кеңшарында директор.
1964 жылдың қаңтарынан БАШҒЗИ-да топырақты өңдеу зертханасына жетекшілік етті. Иван Гаврилович 1970 жылы "Целиноград облысында оңтүстік корбанатты қаратопырақты жерлердің топырағын қорғау әдістерін зерттеу тәжірибесі" тақырыбымен ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты атағы үшін диссертациясын қорғап шықты.
1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы жеңіс үшін,  Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 20 жылдығы,  қарулы күштердің 50 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 30 жылдығы медальдарымен маратталған.  88 мақаланың авторы
скачать dle 12.0
1 224 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх