Николай Петрович Сафронов
Тарих беттері
Николай Петрович Сафронов, агроном-ғалым, экономика ғылымдарының докторы.Н.Сафронов 1936 жылы 5 тамызда Чита облысының Борзинский ауданындағы Кайластуй селосында туған. 1960 жылы Иркутск ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. 1960-1967 жылдар аралығында Көкшетау облысының С.М.Киров атындағы астық кеңшарында агроном, бас агроном, бас экономист болып еңбек етті. 1967 жылы Шортандыда экономика ғылымдарының кандидаттығына «Жерді пайдалануды жақсарту және өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісін арзандату мәселелері» тақырыбында диссертация қорғады. 1984 жылы экономика ғылымдарының докторы атағы үшін «Солтүстік Қазақстанның астық өндірісінде топырақты қорғау егіншілігінің экономикалық проблемалары» тақырыбына диссертация қорғады. 1967-1986 жылдары БАШҒЗИ-да: егіншілік жүйесінің экономикалық тиімділігі зертханасының меңгерушісі, экономика бөлімінің меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. Ол топырақты қорғау егіншілігінде өндірістің тиімділігін арттудың экономикалық проблемалары тақырыбына ғылыми көп ізденді. Елеулі еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталған. Н.Сафронов 90 ғылыми жұмыстың, 14 әдістеменің, «Топырақты қорғау егіншілігі барысында астық өндірісінің тиімділігін арттырудың экономикалық проблемалары» атты монографияның авторы. Николай Петрович 1986 жылы 25 қыркүйектеШортанды кентінде өмірден өтті.
973 -рет қаралды