Евгений Иванович Шиятый
Тарих беттері
Евгений Иванович Шиятый, агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.
Е.Шиятый 1938 жылы 25 наурызда Харьков облысының Купянск-Узловой Купянского кентінде туған. 1960 жылы Черкас облысындағы Уман ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. 1960-61 жылдары Запорож облысындағы кеңшарда агроном болып еңбек етті. 1961-1963 жылдар аралығында Павлодардағы топырақты эрозиядан қорғау жөніндегі тәжірибе станциясында ғылыми қызметкер болды. 1963 жылдан бастап БАШҒЗИ-да (бүгінгі таңда Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы) ғылыми қызметкер, кейін топырақты қорғау кешендері бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен.
1968 жылы Алматыда ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алуға «Оңтүстік корбонатты қаратопырақтың желге төзімді бетіндегі бұдырлардың параметрлерін өңдеу» тақырыбымен диссертация қорғап шықты. 1981 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы атағын алу үшін Мәскеуде «Солтүстік Қазақстанда топырақты қорғау шараларын жобалау кезінде жел эрозиясы процестерін болжаудың теориялық және эксперименталды негіздері» тақырыбында диссертация қорғады.
Оның негізгі ғылыми жұмыс бағыты топырақты эрозиядан қорғаудың ғылыми негіздерін және шараларын әзірлеу болды. Евгений Иванович 2 өнертабыстың авторлық куәлігіне ие.
1 373 -рет қаралды