Николай Куприянович Азаров
Тарих беттері

1968 жылы Омбы ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсті. Дәл сол жылы ол аға техникалық топырақ зерттеуші ретінде экспедиция құрамына қабылданады. Ал 1971 жылы БАШЗҒИ аграрлық топырақты зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері ретінде еңбекке араласып, кейін 1977 жылы эрозиялық процестер зертханасына жетекшілік етті. 1985 жылы Алматы қаласында «жеке жер пайдалану және ірі аймақтың аумағында жел эрозиясының пайда болу қаупін бағалау» ауыл шаруашылығы кандидатының ғылыми дәрежесін алу диссертация қорғады. 1996 жылы «Солтүстік Қазақстанда жерді пайдаланудың агроландшафттық ұйыымдастырудың және астық дақылдарын өсірудің энергия үнемдеуші әдістерінің ғылыми негіздері» ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы атағын алу үшін диссертация қорғады.
2000 жылы агроландшафттық егіншілік жөніндегі орталықтың басшысы, әрі агроландшафттық технологиялар зертханасының меңгерушілігін қоса атқарды. 2002-2003 жылдар аралығында агроландшафттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі болды.
Н.К.Азаров егіншілік, топырақты эрозиядан қорғау, агроландшафттық егіншілік саласында ғылыми ізденіс жүргізді. Ол 71 ғылыми мақаланың, 5 өнертабыстың авторы.
1 215 -рет қаралды