Валерий Иванович Кирюшин
Тарих беттері

1964 жылдары К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын тәмамдады. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң 1964-1966 жылдар аралығындаБАШҒЗИ ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып еңбек жолын бастады. 1975 жылы сол кездегі Ленинград қаласында «Солтүстік Қазақстанның сортаң жерлері, олардың құнарлылығын көтеру және пайдалану жолдары» биология ғылымдары докторығылым дәрежесін алуға диссертация қорғады. 1966-1982 жылдары Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында химия және мелиорация бөліміне жетекшілік етті. Валерий Иванович өзінің ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары топырақтану, сортаңды мелиорациялау,аграрлық-ландшафттық егіншілік болды. Валерий Иванович 81 ғылыми мақала мен монографияның авторы.
1973 жылы «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
1 411 -рет қаралды