Құрсан Азнабайұлы Ахметов


Тарих беттері
Құрсан Азнабайұлы Ахметов, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО еңбек еткен егіншілік саласындағы ғалымдардың бірі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.
Қ.Ахметов 1942 жылы 10 желтоқсанда Адамов ауданының Мироновка селосында туған. 1960-1965 жылдар аралығында Целиноград ауыл шаруашылығы институтында білім алған. 1973-1976 жылдары  Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын аяқтаған. 1976-1979 жылдары ішінде  БАШҒЗИ тұқым айналымы зертханасында ғылыми қызметкер болып еңбек етіп, 1986 жылдан бастап ауыспалы егістер зертханасының меңгерушісі, кейін (2001 жылы) ауыспалы егістер бөлімінің меңгерушісі болды. Ал 2003-2004 жылдары егіншілік бөлімі меңгерушілігімен қатар ауыспалы егістер зертханасына жетекшілікті қоса атқарды.

Құрсан Азнабайұлы егіншілік саласы және ауыспалы егістерді жетілдіруді зерттеумен айналысты. 1979 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Целиноград облысының оңтүстігіндегі карбанатты қаратопырағында арпа мен сұлыға арнап топырақты күзде сыдыра өңдеудің тиімділігі» тақырыбына диссертация қорғады. 1999 жылы Алматы қаласында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне «Солтүстік Қазақстанның қуаң даласында ауыспалы егістер жүйесінің ғылыми негіздемесі» атты тақырыппен диссертация қорғады.

Қ.Ахметов ғылыммен айналысқан жылдары 60-тан астам ғылыми мақала, оның ішінде 2 монография жазды.

Қ.Ахметов 2004жылы 18 қыркүйекте Ақмола облысындағы Научный кентінде өмірден өтті.

скачать dle 12.0
1 241 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх