АУЫСПАЛЫ ЕГІС ЗЕРТХАНАСЫ
Орталық туралы / Лабораториялар
Зертхана 1961 жылы құрылған.
Қызметі. Ауыспалы егіс зертханасы қызметінің негізгі бағыттары: ауыспалы егіс алқаптары құрамын жасаудың ғылыми негіздерін әзірлеу және егістікті пайдалану құрылымын жетілдіру. Зертхана 1961 жылы құрылған.Алқаптық ауыспалы егісті зерттеу бағытындағы тұрақты тәжірибе 1961 жылдан басталды.
1961 жылдан бергі үздіксіз келе жатқан ауыспалы егісті зерттеу бағытындағы тәжірибеде жаздық бидайды интенсификация құралдарынсыз және интенсификация құралдары арқылы ауысымсыз егудің (1986 ж.), ауысымсыз жүгері егудің (1962 ж.), ауысымсыз сүрі жер баптаудың (1963 ж.), ауысымсыз арпа егудің (1990 ж.), ауысымсыз бұршақ-сұлы қосындысын егудің (1997 ж.) бірегей нұсқалары бар.
Бастапқы кезеңде зерттеулер сүрі жер үлесі 50, 33, 25 және 20 пайыз болатын бидайлы-сүрлі жерлі ауыспалы егісті даярлауға бағытталды. Зерттелген барлық ауыспалы егістер арасында дәннің шығымын барынша қамтамасыз еткені — төрттанапты бидайлы-сүрлі ауыспалы егісі (сүрлі жер-жаздық бидай- жаздық бидай- жаздық бидай) болды. Бастапқы кезеңде зертханада алқаптық ауыспалы егістің негізін таза сүрі жер құрайтын 12 үлгісі зерттелді.
Зерттеулер барысында анықталғандай, ауыспалы егістің өнімділік көрсеткіші екітанаптыдан төрттанаптыға қарай жоғарылай береді. Сондықтан одан әрі бестанапты және алтытанапты бидайлы-сүрлі, сондай-ақ мал азығындық дақылдар араластырылған және бұршақты-сұлылы ауыспалы егістердің тиімділігін зерттеу жұмыстары қолға алынды.
Ылғал жинақтауды жетілдіру, өсімдіктерді зиянкестерден, аурулар мен арашөптерден қорғау мақсатындағы заттарды қолдану, минералды тыңайтқыштар себу негізіндегі ауыспалы егістерді зерттеудің әдіс-тәсілдер жиынтығы әзірленіп-тиянақталды. Зерттеулер, өнімділік жағынан, ауыспалы егіс ауданы бірлігіне шаққанда, бидай дәні шығымының көрсеткіші айтарлықтай кемімейтін дәнді дақылдар ауыспалы егісінің артықшылығын көрсетті. Әсіресе, сүрі орнына сұлы егілген ауыспалы егістің өнімділігі неғұрлым жоғары болып шықты. Егіс ауданы бірлігіне шаққанда бидай дәні шығымының көрсеткіші бойынша, сұлы-жаздық бидай-жаздық бидай-арпа нұсқасындағы ауыспалы егістің әр гектарынан 20,5 центнер өнім алынды.
Келесі кезеңде көп жылдық мәліметтер қорытындыларын талдап-сараптау арқылы,алқаптық ауыспалы егісті таза сүрі жер үлесін қысқартып, дәнді-мал азығындық, дәнді-бұршақ, майлы, отамалы, жем-шөптік және соңынан жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын сидерат дақылдармен байыту негізіндегі интенсификациялау бойынша жаңа зерттеулер, сонымен қатар, сүрі жерсіз (дәнді дақылдық) және дақылдар ауыстырылатын ауыспалы егісті зерттеу жұмыстары басталды.
Тәжірибелер барысында алынған мәліметтер Солтүстік Қазақстанның табиғаты құрғақ далалық аймағында ауыспалы егіс жүйесін құрылымдаудың маңызды бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Ең алдымен, таза сүрі жерсіз де егіншілікпен айналысуға болатыны дәлелденді. Уақытша дақылдар мен сидераттар егілген сүрі жерлі ауыспалы егістерді әзірлеу, бұршақ, майлы және жарма дақылдарын, көп жылдық шөптесін өсімдіктерді қосу топырақтың құнарлылығымен қатар, дәнді дақылды-сүрлі ауысыммен салыстырғандағыалқапты пайдалану өнімділігін де арттырады.
Ұзақ жылдар бойғы ғылыми зерттеулер мынадай қорытындылар жасауға негіз болды:
Қазіргі күні ауыспалы егіс зертханасының көпжылдық стационарында алқаптық ауыспалы егісті зерттеу ісідақылдардың сан алуан түрі арқылы дақылдарды алмастырып егуді ұстана отырып, ауыспалы егісті әртараптандыру негізінде егістік алаңдары құрылымын оңтайландыруға бағытталған, дақылдардың әр алуандығы топырақтың құнарлылығын сақтауға және қайта қалпына келтіруге септігін тигізіп,дәнді дақылды-сүрлі ауысыммен салыстырғанда, алқапты пайдалану өнімділігін арттырады.
Ауыспалы егіс зертханасының қызметкерлері 2 авторлық куәлік, 1 инновациялық патент пен 6 өнертабыстық патентке ие болды. Ғылыми зерттеулер қорытындылары бойынша жыл сайын Орталықта Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне арнап көктемгі егіс және астық жинау жұмыстары үшінұсыныс-кеңестер басыпшығарылады.
Қазіргі күні зертханада алқаптық ауыспалы егістің 70-ке жуық сызба-нұсқасы және 26 ауылшаруашылығы дақылы зерттеліп жатыр. Дәнді дақылды-сүрлі, дәнді дақылды, дақылдар алмасып егілетін, дәнді дақылды-отамалы, дәнді дақылды-шөптесін өсімдікті, биологизацияланған және шөптанапты ауыспалы егістер үш технология (дәстүрлі, ең төменгі мөлшерлі, нөлдік) бойынша зерттелуде.
Ауыспалы егістің сан алуан түрі мен үлгілерін зерттеу бағытындағы көпжылдық тұрақты тәжірибе 50 гектар аумақта жүргізіліп келеді.
Алқаптық ауыспалы егіс құрылымдарының теориялық негіздерін әзірлеу ісіне И.А. Дмитрюк (1962-1963 жж.), Б.Б.Гумеров (1963-1964 жж.), А.В.Полупуднов (1965-1967 жж.), П.И. Хлебов (1968-1973 жж.), Н.В.Шрамко (1974-1983 жж.), М.К.Сүлейменов (1983-1986 жж.), К.А.Ахметов (1986-2004 жж.) жетекшілік етті, ал 2005 жылдан бүгінге дейін А.А. Қияс жетекшілік етіп келеді.
3 104 -рет қаралды