Қазақстанның Солтүстік аймағы үшін үнемдеуші егіншіліктегі дақыл алмастыратын ауыспалы егістер
Орталық туралы / Жобалар
Қысқаша сипаттамасы: Көпжылдық зерттеулер негізінде, егіс құрылымына іріктеп алу және күтіп-баптау үшін, ауыспалы егісте дақылдарды кезектестірудің әсері анықталды. Түрлі дақылдардың өзара әсерінің өнім алуға, бидай дәнінің сапасына және топырақтағы қарашірік пен қозғалыста болатын қоректік заттардың құрамын өзгертуге қалай ықпал ететіні зерттелді. Солтүстік Қазақстанның құрғақ климатында өсімдік шаруашылығының тұрақтылығын және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ету мақсатында, егіс алқаптарын тиімді пайдалану үшін, майлы, дәнді-бұршақ, мал азығындық дақылдарды молынан егіп-өсіру арқылы, ауыспалы егісте дақыл алмастырудың әртүрлі жағдайларын қолдану ұсынылады.
Қолданылатын саласы, бәсекеге қабілеттілігі, патенті: қолданылатын саласы — Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шаруашылықтары.
Патенттер бар: «Ноқатты өнімді ауыспалы егісте өсіру тәсілі», 10.12. 2015 күнгі №94313; «Жасымықты астықты ауыспалы егісте өсіру тәсілі», 09.12. 2016 күнгі №2324; «Сидератты ауыспалы егісте бұршақ-сұлы қосындысын өсімдік тыңайтқыштары арқылы күтіп-баптау тәсілі», 09.12.2016 күнгі №98815.
Іс жүзінде қолдануға әзірлігі: 100 пайыз.
Енгізу көлемі: 135 мың га.
Ұсыныстың орындылығын айқындайтын техникалық-экономикалық көрсеткіштер: қолданылатын шаралар егіс алқабының әр гектарындағы астық шығымын 15-20 пайызға арттырады, сонымен қатар топырақ құнарлылығының қалпына келуі мен бидай дәні сапасының жоғарылығын қамтамасыз етеді. Ауыспалы егісте сүрлі танапты астықты-бұршақты және майлы дақылдармен ауыстыру аймақтағы егіс алқаптарын тиімді әрі орынды пайдалануға жағдай туғызады.
Жобаны табыстаудың шарттары мен әдістері, әріптестік жолдары: келісім негізінде.
Жобаның авторлары, мекен-жай, факс, электронды пошта: А.А. Қияс, М.К. Сүлейменов және басқалар. «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный ауылы, Бараев көшесі, 1. Тел./ факс: (8-71631)23-0-29, 23-0-32.
2 284 -рет қаралды