NO TILL технологиясындағы астықты-сүрі жерлі ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту жүйесі


Орталық туралы / Жобалар
NOTILL технологиялары (өңдеусіз)

Қысқаша сипаттамасы: сүрі жер, бидай, зығыр, бидай кезектестіріле егілетін астықты-сүрі жерлі ауыспалы егіс дақылдарын күтіп-баптау барысында топырақ өңдеуде нөлдік технологияны қолдану дегеніміз — минералды тыңайтқыштарды топырақты қопсытпай-ақ енгізу болып табылады. Мұндай шектеулер жағдайында бидай тұқымын сепкенде, қопсытылмаған сүрі жерге белгілі бір мөлшерде тек фосфор тыңайтқыштарын пайдалану ұсынылады, ал аңыздық алқаптарда минералды тыңайтқыштарды әрқилы түр, мөлшер мен мерзімде, әртүрлі енгізу тәсілдері арқылыбөлек-бөлек те, сондай-ақ, бірге де қолдануға болады.

Қолданылатын саласы, бәсекеге қабілеттілігі, патенті: бұл еңбек ауыл шаруашылығы саласының аграрлық секторында қолданылады. Патент алуға тапсырыс берілген.

Іс жүзінде қолдануға әзірлігі: 100 пайыз.

Енгізу көлемі: бұл еңбекті Қазақстанның солтүстік облыстарындағы қолдану көлемі 3-5 млн. га шамасында болуы ықтимал.

Техникалық-экономикалық көрсеткіштері: астықты-сүрі жерлі ауыспалы егіс дақылдары өнімділігінің 3-6 ц/га көрсеткішке артуы қамтамасыз етіледі; таза табыс түріндегі экономикалық тиімділігі гектарына 19 920 теңгеден 31 920 теңгеге дейін құрайды; ұсынылған еңбекті қолдану минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттырады, олардың қолдану мөлшерін төмендетеді, қоршаған ортаны ластаудың алдын алады.

Жобаны табыстаудың шарттары мен әдістері, әріптестік жолдары: келісім негізінде.

Жобаның авторлары, мекен-жай, факс, электронды пошта: В.М. Филонов,Я.П. Наздрачев,Е.В. Мамыкин. «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный ауылы, Бараев көшесі, 1. Тел./ факс: (8-71631)23-0-29, 23-0-32, e-mail:info@baraev.kz.
скачать dle 12.0
2 079 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх