Александра Алексеевна Зайцева


Тарих беттері
Бүгін А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында еңбек еткен, топырақты зерттеуші тұңғыш нәзік жанды ғалым, Ленин сыйлығының иегері А.Зайцева жайлы әңгімелейтін боламыз.
Александра Алексеевна Зайцева 1900 жылы 4 қазанда Краснодар өлкесі Николаев станицасында дүниеге келген. топырақ зерттеуші-агроном, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1959), Ленин сыйлығының лауреаты (1972). Ол 1929 жылы Мәскеудің К.А.Тимирязев атындағы академиясын тәмамдап, 1929-31 жылдары аталған академияда зертханашы, 1934 жылға дейінМәскеудегі Каучук және гуттаперчи институтының ғылыми қызметкері, 1934-37 жылдары Ленинградтағы Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институтының ғылыми қызметкері, 1937-38 жылдар аралығында Ярослав мемлекеттік селекция станциясының ғылыми қызметкері, 1938-59 жылдары Қарағанды облысындағы Долинка селосында орын тепкен Р-246 ІІМ мекемесінің тәжірибелік станциясында ғылыми қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі лауазымдарын атқарды. 1959-80 жылдары Бүкілодақтық Астық шаруашылығы ғылыми институтында аграрлық топырақты зерттеу бөлімінің меңгерушісі,топырақ құнарлығы зертханасыныңаға ғылыми қызметкері болып еңбек етті. Ғылыми қызметінің басты бағыттары –топырақты эрозиядан қорғаудың теориялық негіздері және кешендік шаралар әзірлеу болды. 100-ден астам мақаланың, 10 монографияның авторы.
А.Зайцеваның топырақты эрозиядан қорғау бойынша теориялық негіздері мен шаралар жүйесін әзірлеу, сортаң топырақты мелиорациялау және эрозиялық қауіпті жерлердің құнарлылығын арттыру жөніндегі іргелі еңбектері отандық ғылымға қосқан зор үлесі болып табылады.
Оның осынау көп жылғы еңбегі «Еңбектегі қажырлылығы үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Адал еңбегі үшін» секілді медальдармен жоғары бағаланды. 1972 жылыСолтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің далалы аймақтарында топырақты жел эрозиясынан қорғау жөніндегі шаралар жүйесін әзірлегені үшін А.Зайцеваға Ленин сыйлығы табыс етілді. А.Зайцева 1981 жылдың 12 қаңтарында сол кездегі Целиноград облысының Шортанды кентінде өмірден өтті.скачать dle 12.0
1 414 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх