Александр Герасимович Громов
Тарих беттері
Ал 1975 жылы механикаландыру бөлімінің меңгерушісі, 1986 жылы директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары болды. Александр Герасимович астық шаруашылығында жалпы алғанда 38 жылдан артық уақыт еңбек етті.
1967 жылы Челябинск қаласында «Тік тербелмелі цилиндрлі тиермен жұмыс істеу процесін зерттеу» тақырыбына техника ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына диссертация қорғады.
1984 жылы «Астықты өндіретін аймақтағы жағдайдың қолайсыз факторларына өңдеу жүйелері тұрақтылығының технологиялық негіздері» тақырыбымен техника ғылымдарының докторы ғылыми атағына Челябинск қаласында диссертация қорғады.
Ғылыммен айналысқан жылдары ішінде астықты ору және орылған соң өңдеу жөнінде 55 ғылыми еңбекті жарыққа шығарды, оның ішінде «Астықты сепарациялау және кептіру процестерінің тиімділігі және тұрақтандыру» монографиясы бар. Ол өнертабысы үшін 23 авторлық куәлік пен бастапқы патенттің иегері, сондай-ақ үш аспирант тәрбиелеп шығарған тәлімгер.
Александр Герасимовичтың астықты орылған соң өңдеу жөніндегі еңбектері көптеген ғылыми басылымда жарияланып, ғалым ретіндегі есімі тек Қазақстан мен Ресейде ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдерде де таныс.
А.Г.Громов ғылыми жұмыстары үшін КСРО ХШЖК медалімен марапатталған.