Александр Семенович Буряков


Тарих беттері
Александр Семенович Буряков 1936 жылы 18 қазанда Саратов облысының «Индустриальный» астық кеншарында машина-трактор станциясында еңбек ететін отбасында дүниеге келді.
Александр Семеновичтің жетекшілік етуімен БМИ, АШМЖҒЗИ, БАШМҒҒЗЖТЗ, СібАШҒЗИ, ҚазАШМҒҒЗИ, ЦелинАШМЭҒЗИ, ЭҚТБАБ (Целиноград қ.) ғылыми және конструкторлық мекемелерімен бірлесе отырып топырақты қорғау егіншілігінде эрозияға қарсы негізгі машиналар жасалды. Атап айтқанда олар: ПГ-3, ПГ-3-5, КПШ-9, ОПТ-3-5 қопсытқыштары, БИГ-3, БМШ-15, БМШ-20 шабықтау тырмалары болатын. Топыраққа минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді енгізу үшін жұмысшы органдарды негіздеу және әзірлеу, К-701, К-710 тракторларымен жұмыс істеуге арналған кеңқамтушы құралдарды жасау бойынша зерттеулер жүргізілді. Бұл жұмыстар практикалық зор мәнге ие болып, Дон жазықтарында, Оңтүстік Урал, Қазақстан, Батыс Сібірден Моңғолияға дейінгі далалық аймақтардағы ауыл шаруашылығы өндірісінде сәтті енгізілді.
Мемлекет А.С.Буряковтың ғылыми және өндірістік жетістіктерін жоғары бағалап, 1980 жылы оған Мемлекеттік сыйлықты тағайындады. Ал 1984 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі қажырлылығы үшін» медалімен, «КСРО БХШЖ-ның үш қола медалімен, «9-шы бесжылдықтың екпіндісі» белгісімен, Тыңдың 50 жылдығы мерейтойлық медалімен, «Академик А.И.Бараевтың туғанына 100 жыл» естелік медалімен марапаттады. А.С.Буряков жүзден аса ғылыми жұмыстың, қырықтан аса өнертабыстың авторы.скачать dle 12.0
1 020 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх