Адольф Иванович Лихтенберг
Тарих беттері
Адольф Иванович Лихтенберг, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.
А.Лихтенберг 1948 жылы 11 қазанда Целиноград облысының Шортанды кентінде туған. 1964 жылдың қарашасында Адольф Иванович БАШҒЗИ-дың агрохимия зертханасына зертханашы болып тұрақты жұмысқа кіріседі. Кейін, 1985-1995 жылдар аралығында агрохимия және топырақ құнарлығы бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. Ал 1995-97 жылдарыБАШҒЗИ-дың бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарды. Адольф Иванович өзінің ғылыми қызметінде агрохимия және топырақты суландырумен айналысты. Ол 60-тан астам мақаланың авторы.
1978 жылы Мәскеу қаласында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы үшін «Целиноград облысында жаздық бидай сұрыптарының тыңайтқышқа сезгіштігі» диссертациясын қорғап шықты.
1995 жылы Алматыда ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми атағына «Солтүстік Қазақстанның қаратопырақты аймағында топырақты қорғау егіншілігінде астық дақылдарын минералмен қоректендіруді оңтайландыру» диссертациясын қорғады.
А.Лихтенберг Бараев институтында 32 жыл еңбек етсе, соның21 жылы А.И.Бараев басшылық еткен кезеңге тиесілі. Ол қатардағы зертханашыдан бастап директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымына дейінгі көтерілді. Ол тың өлкеде өмірге келіп, ғұмырының басым бөлігін осы жерде өткізді. Ол әріптестеріне тыңда өткерген өмірі ең жарқын сәттер екенін айтып отырған.
«Институт мен үшін жұмыс орным, туған үйім, отаным, өмір мектебім болды», – деген А.Лихтенберг.

1 139 -рет қаралды