Владимир Михайлович Слободин
Тарих беттері
Владимир Михайлович Слободин, агроном-ғалым, профессор, экономика ғылымдарының докторы. В.Слободин 1904 жылы 9 қарашада Қазан қаласында туған. 1926 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1926-1927 жылдары Самарқанд облысындағы Зааминский агропунктінде учаскелік агроном болып еңбек етті. 1928-1929 жылдары К.А.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы жанындағы Жоғары агропедкурста оқыған 1929-1930 жылдары К.А.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы жанындағы Агропединституттың оқу-әдістемелік секторының ауыл шаруашылығы бөлімінде маман, ауыл шаруашылығы экономикасы кафедрасында ассистент, сондай-ақ Мәскеудегі аграрлық институтта агроном-экономист болып еңбек етті. 1933-1935 жылдары Ташкент Орта Азия жоғары мектебінде экономика кафедрасы деканының міндетін атқарды. 1935-1941 жылдары КСРО Ғылым Академиясы экономика институтындағылыми қызметкер және В.Р.Вильямс атындағы топырақ-агрономия станциясында аға ғылыми қызметкер болды. 1941-1944 жылдары қосалқы полкта химиялық қызметтің басшысы болды. 1946 жылы экономика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін "Челябі облысында ауыл шаруашылығын орналастыру және мамандандыру " тақырыбында диссертация қорғады. 1952 жылы экономика ғылымдары докторлығына "Егіншілік жүйесінің КСРО аумағында пайда болуынан бастап қазан социалистік төңкерісіне дейінгі тарихы " диссертациясын қорғады. 1944-1962 жылдары Свердлов ауыл шаруашылығы институтында экономика кафедрасының меңгерушісі, Свердловтағы Урал АШҒЗИ директордың ғылым жөніндегі орынбасары болды. 1962-1968 жылдары БАШҒЗИ-да экономика бөлімінің меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. Ғылыми жұмысында топырақты қорғау жүйесінің және Солтүстік Қазақстанда астық өндірісі өсімінің экономикалық неіздемесі бағытында еңбектенді. КСРО-ның орден-медальдарымен маратталған. Владимир Михайлович 1980 жылы 18 наурызда Мәскеуде қайтыс болды.
1 118 -рет қаралды