Михаил Иванович Матюшков


Тарих беттері
Михаил Иванович Матюшков, техника ғылымдарының кандидаты, 1937 жылы 13 қыркүйекте Ақмола облысының Новомарковка селосында туған.М.Матюшков 1958-1963 жылдары Алтай ауыл шаруашылығы институтында білім алған.
1963-1964 жылдары мал шаруашылығында еңбек көп жұмсалатын процестердің инженері болып еңбек етті. 1964 жылы БАШҒЗИ-да механикаландыру бөлімінде аға инженер болып еңбек етуді бастады. 1966 жылы ақпараттандыру бөлімінің жетекші инженер, 1969 жылы егістік машиналары зертханасының аға ғылыми қызметкері болды. 1978-2002 жылдар аралығында  егіс машиналары зертханасына жетекшілік етті.
Михаил Иванович 1975 Уфа қаласында жылы техника ғылымдарының кандидаты атағын қорғау үшін «Аңыздық сепкіш тістері жүрісінің біркелкі тереңдігін зерттеу және оны тұрақтандырудың әдістерін қарастыру» тақырыбында диссертация қорғады.
Оның жетекшілік етуімен тұқымды орталықтан себетін тұқым сепкіш-культиватор, тікелей егуге арналған тұқым сепкіштер, топырақты өңдегіш әмбебап құралдар жасалды.
М.Матюшков 14 рет марапатталған, КСРО Бүкілодақтық Халық шаруашылығы көрмесінің үш медалі, КСРО өнертабыс үздігі белгісінің иегері.скачать dle 12.0
1 046 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх