Сергей Сергеевич Сдобников


Тарих беттері


Сергей Сергеевич Сдобников, агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.С.Сдобников 1919 жылы 27 қыркүйекте Калинин облысы Калязин ауданының Нерль селосында туған. Ол Ұлы Отан соғысының ардагері.
1951 жылы К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. 1951-1954 жылдары Мәскеудегі В.Р.Вильямс атындағы топырақ-агрономия станциясы жанында аспирант, кейін Ақмола облысында КИЗ экспедициясының бастығы болды. 1957-1965 жылдары БАШҒЗИ-да егіншілік бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары лауазымдарын атқарды. 1965 жылы Омбыда «Тың өлкедегі егіншілік мәселелері» тақырыбында диссертация қорғап, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми атағын иеленді. 1965-1970 жылдары Омбыдағы Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-ды басқарды. 1970 жылдан бастап Қаратопырақты емес аймақтың орталық аудандары ҒЗИ директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.
Ғылыми жұмысының негізгі бағыттары – тың егіншілігі мәселелерінің шешімдері, топырақты өңдеу және құнарлылығы болды. 180 ғылыми жұмыстың авторы. КСРО ордендері және медальдарымен марапатталған.
скачать dle 12.0
1 055 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх