Банцат Әйткенұлы Көпеев


Тарих беттері
Банцат Әйткенұлы Көпеев, агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Банцат Көпеев 1935 жылы 9 мамырда Целиноград облысы, Атбасар ауданының Сәдібек ауылына дүние келген. 1960 жылы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (БАШҒЗИ) аспиранты болды. 1963 жылы БАШҒЗИ аға ғылыми қызметкері болып еңбек етті. Банцат Әйткенұлы 1963 жылы Алматы қаласында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін «Целиноград облысындағы жаздық бидайдың алғы егіс ретіндегі екпе парлар» тақырыбында диссертациясын қорғады. Дәл осы жылы БАШҒЗИ-да арамшөптермен күрес зертханасына жетекшілік етсе, ал 1964 жылы БАШҒЗИ алқаптық дақылдардың агротехникасы зертханасының меңгерушісі болып еңбек етті. Б.Көпеев «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған. Ол 60 мақаланың авторы.
Банцат Әйткенұлы 1990 жылы өмірден өтті.
скачать dle 12.0
25 -рет қаралды

Басқа да


Добавить комментарий

Кодты жаңалау үшін егер ол дұрыс көрінбей тұрса суреттің үстінен шертіңіз

Наверх Наверх