Серго Ефремович Давыдов


Тарих беттері
Серго Ефремович Давыдов, агроном-ғалым,  ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
С.Давыдов 1937 жылы 25 қазанда Ставрополь өлкесі,  Новогеоргиевка селосында туған. 1960 жылы Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеді. 1965 жылы Саратов ауыл шаруашылығы институтында білім алған. 1967 жылы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1967-1970 жылдары ішінде селекция бөлімінің аспиранты болса, ал 1970-1971 жылдары БАШҒЗИ-да селекция бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Ол 1971 жылы Ленинградта ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты атағын қорғау үшін "Жаздық қатты бидай будандары белгілерінің дамуына және қасиеттеріне өсіру жағдайларының әсері" тақырыбына диссертация қорғаған. Арада бір жыл өтіп, 1972 жылы БАШҒЗИ-да қатты бидай селекциясы зертханасына жетекшілік етті.  С.Давыдов 24 мақаланың авторы.
скачать dle 12.0
1 094 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх